Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
"№ 7 "Балдырған" санаториялық бөбекжай-балабақшасы" КММ
Қызылорда облысының білім басқармасының Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"№ 7 "Балдырған" санаториялық бөбекжай-балабақшасы" КММ
Қызылорда облысының білім басқармасының Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/baldyrgan-7.testim.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.104): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/baldyrgan-7.testim.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

N°7 "Балдырған" санаториялық бөбекжай-балабақшасының ата-аналарға арналған консультациялық пункт жұмысының жоспары.  
Ата-аналарға арналған консультациялық пункт жұмысының жоспарына сәйкес балабақша әдіскері К. Серікбаева "Менің бақытты мекенім" тақырыбында отбасылық және қоғамдық тәрбиенің бірлігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында балабақшамен таныстыру саяхатын жасады.  
Саяхат барысында балаларды дамыту бұрыштарында танымдық, ұлттық ойындар, фотоаймақтарымен таныстырды.


Балабақша логопеді Қожамұратова Алтынкүл ата-аналармен "Жанұям-жақсы мекенім" ойын жаттығуларын жүргізді.  
Мақсаты: Ата-аналардың көңіл-күйлерін көтере отырып, қуаныштарын балаларымен бөлісуге, өз балаларын жақсы тануына ықпал етіп, кеңестер беру.


Балабақша психологі Тлеубергенова Мөлдір балалардың танымдық қабілеттерін дамыта отырып, үлкендермен қарым-қатынасын нығайту мақсатында ата-аналармен "Кішкентай көмекшілерім" ойын жаттығуларын жүргізді.


N°7 "Балдырған" санаториялық бөбекжай-балабақшасының дене шынықтыру нұсқаушысы Төменбай Айманның ата-аналармен консультациялық пункт жоспарына сәйкес "Құлыншақ" ересек топ ата-аналарымен "Менің көңілді добым" атты эстафеталық сайыс өткізді.
Мақсаты: Балалардың доппен ойналатын ойындар арқылы қимыл-қозғалысын арттыру. Отбасындағы қарым-қатынасты нығайту.
Сайыс түрлері:

  1. Таныстыру
  2. Кедергі жолдар
  3. Кім жылдам
  4. Жинақтайық
  5. Кім шебер
  6. Доптарым
  7. Сүйікті добым


Құрметті ата-аналар!
N°7 "Балдырған" санаториялық бөбекжай-балабақшасы базасында 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалары мектепке дейінгі ұйымға бармайтын ата-аналарға (заңды өкілдерге) арналған ТЕГІН КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТ жұмыс істейді.
Сіздерге балабақшамыздың (Instagram, Facebook, Telegram) желілері арқылы мамандардың консультацияларын ұсынуға мүмкіндік бар.
Балабақшаның сайтында https://baldyrgan-7.edu.kz мәтіндер, консультациялар мен бейнероликтерді ұсынамыз.
Консультация алу үшін мына телефон арқылы байланыса аласыздар: Балабақша педагог-психологі Тлеубергенова Мөлдір, 87784958536.


«Отбасында ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі»  
Ата-аналармен консультациялық жұмыс жоспарына сәйкес балабақша әдіскері К. Серікбаева «Мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналарына консультациялық пункт жұмысын ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттері бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді.  
Ата-аналармен «Өрмекшінің торы» атты ойын-тренингін ұйымдастырды.  
Балабақша медбикесі А. Әбілда балаларды үй жағдайында күн тәртібін құрастыруға, баланың дұрыс тамақтануына, әртүрлі аурулардың алдын алу мәселелері бойынша кеңес берді.  
Балабақша тәрбиешісі М. Баймағамбетова «Кім жылдам» ойынын ойнатып, үй жағдайында ойналатын ойындар топтамасының бейнеролигін ұсынды.  


Ата-аналармен консультациялық пункт жұмыс жоспарына сәйкес балабақша тәрбиешісі М. Үмертаева мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылмаған балалардың ата-аналарымен "Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер" тақырыбында жұмыс жүргізді.  
Мақсаты: Ата-бабамыздан ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру. Жанұя арасындағы байланыс, әкенің ұлға, шешенің қызға тәрбиесінің ықпалын айтып, балаларды қамқорлыққа, әдептілікке тәрбиелеу. Ұлттық тәрбиені насихаттау барысында мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналарымен ойын-жаттығуларын жүргізу.  
Ата-аналар жұмыс барысында балаларын еркелете отырып, әдемі сөздерін арнады. Ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, қамшы өруді, кесте тоқуды, ою құрастыруды үйретті.


Ата-аналармен консультациялық пункт жұмыс жоспарына сәйкес балабақша педагог-психологі М.Тлеубергенова мектепке дейінгі ұйыммен қамтылмаған балалардың ата-аналарымен "Түрлі-түсті шарлар" тақырыбында жұмыс жүргізді.  
Мақсаты: Балалардың зейінін қабылдау, ойлау, затты қолдану әрекеттерін бағдарлау және дамыту.